Бесплатные объявления в Алматы

Подай объявление - бесплатно, быстро и без регистрации!

Онлайн сауда, сауда дегеніміз не? Бартер дегеніміз не?

Сауда дегеніміз не? Сауда бұл тауарларды сату, айырбастау. Сіз өзінізге керекті заттарды қай жерден сатып аласыз? Дүкеннен, осы дүкен саудамен айналысып тұр:

Дүкен сауда орны

Дүкенге тауарларды әкеледі де ол өз үстемесін қосып бұларды халыққа сатады. Мысалы, дүкенге сағызды 50 тенгемен әкелсе, дүкен иесі бұны 60 тенге деп сатады. Сөйтіп әрбір сатылған сағыздан 10 тенге пайда табады. Дүкен сағызды өндірмейді. Дүкен тауарды өндіретін компаниялар мен сатып алушылардың арасындағы делдал ғана.

Саудада екі жақ бар болады. Біріншісі бұл тауарды сататың адам, мекеме не онлайн жүйе. Бұны жалпы сатушы дейді. Мысалы дүкеннің сатушысы тауарларды сатады. Екінші жақ бұл сатып алушы, тауарды сатып алатын адам, мекеме не онлайн жүйе.

Сауда бұл тауарлардың не қызметтердің сатылуы. Бұған қоса кейде тауарлар не қызметтер ақшасыз айырбасталады. Бұны бартер дейміз.

Бартер деген не?

Бартер бұл бір тауардың не қызметтің өзге тауарға не қызметке тікелей айырбасталуы. Мысалы, бала досына екі асыққа өз кәмпитің айырбастаса, бұл бартер болады. Себебі бала ақшасыз қолда бар асықтарын кәмпитке айырбастады. Кәмпитті сатып, бұл ақшаға асықты сатып алған емес.

Бартер компаниялар не мемлекеттер арасында орнайды. Сонымен бартер дегеніміз не? Бартер бұл ақшасыз тауарлардың айырбасталуы.

Онлайн сауда

Онлайн сауда бұл аты айтып тұрғандай интернет арқылы өтетің сауда. Мысалы, осы сайтқа біреу хабарландыру қосса бұл онлайн саудаға жатады. Интернет арқылы сауда бұл негізінен интернет дүкендері арқылы жүзеге асады. Бұлардың тауарды үйге дейін жеткізу, онлайн ақы алу, телефон арқылы кеңес беру және басқа қызметтері бар.

Онлайн сауда Қазақстанда және жаһанда тез, шапшан дамып келе жатыр. Әлемге әйгілі компаниялар бар бұл нарықта. Мысалы Амазон, Алибаба, Ебей және басқалары.

Онлайн сауда бұл тауарды сайт арқылы сатып алу

Сайтқа ақша төлейсіз де бұлар сізге тауарды өздері жеткізіп береді.

Бөлшек сауда

Бөлшек сауда бұл тауарлардың бірлеп, екілеп сатылуы. Мысалы үй жанында орналасқан дүкендер осы бөлшек саудамен айналысады. Бұнда тауар тұтынушыға тікелей сатылады.

Көтерме сауда

Көтерме сауда бұл тауарды көптеп, көп мөлшерде сату. Мысалы кейбір базарларда жеміс-жидек пен көкөністі тонналап сатады. Бұнда тауар көбінесе сатып алуышға тікелей емес, делдал арқылы сатылады. Осы бірнеше тонна жеміс-жидекті сатып алған адам бұны өзі түгелдей асап жемейтін шығар? Ол не істейді? Бұны басқа дүкендерге не майда делдалдарға сатады, үстеме қосып.

Көтерме сауданың тағы бір мысалы шикізат биржалары, мысалы Қазақстанның мұнайы, темірі, мысы үлкен шикізат биржаларында миллиондаған тоннамен сатылады.

Сауда табыс көзі

Мемлекеттер сауданың есебінен байып жатады. Себебі сауда мекемелеріне салықты салу және өндіріп алу қиынға соқпайды. Бұл үшін арнайы кассалық аппараттар бар. Оған қосы электрондық төлемдер де тексеріледі. Пластикалық картамен төленген әрбір тенге есепке алынады. Ал қағаз ақшамен төленгені бұл арнайы кассалық аппараттың көмегімен есептелінеді. Бәрі түбінде салықты бақылайтын мекемелерге жіберіледі. Қазақстанда бұл Салық комитеті.

Саудаланған тауардың құнынан салық мөлшері есептелінеді.

Халықаралық сауда

Халықтаралық сауда байланыстары сонау көне заманнан қазақ жерінде орын тепкен. Атақты Жібек Жолы бұған дәлел. Сонау көне заманнан бері қазақ жерінде, әсіресе онтүстік өнірлерде сауда-саттығы дамыған көп көне қалалар бар еді. Отырар, Сауран, Шымкент, Сығанақ және басқалары.

Жібек Жолының сауда керуендері

Экономикадағы сауда бұл елдегі тауарлар мен қызметтердің сатылуын не айырбасталуын қамтамассыз ететің мекемелердің жалпы жиынтығы.